Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы
Мектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
6 сынып оқушысы
Мен Алтынбек Нұрдани Даниярұлы, Шоқпар ауылы, №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 7 сыныпта оқимын. Үйдің үлкенімін, менен кейін 3 бауырым бар. Білім беріп отырған ұстаздарыма рахмет айтамын, қашықтықтан оқу кезінде де аянбай еңбек етіп жатыр. Әлемде болып жатқан пандемияға байланысты үйден оқу кезінде қиындық тудырған жағдай ауылымызда интернет желісінің әлсіз жұмыс істеуі болып жатыр. Интернет желісінің жоғары деңгейде жұмыс жасауына көмектессе екен деген тілегіміз бар.
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
6 сынып оқушысы
Менің арман тілегі өте көп. Солардың ішіндегі армандайтыным, әлемге әйгілі спортсмен болу. Жер бетіндегі әр түрлі елдерді аралап, түрлі спорттық шараларға қатысып, елімді әлемге танымал ету. Ол үшін мен спортпен айналысып, қазірден бастап шынығуым керек және ағылшын тілін үйренуім керек.
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
6 сынып оқушысы
Мен өскенде аспаз болуды, Алматы немесе Астана секілді үлкен қалалардың бірінен үлкен мейрамхана ашып, сол жерде әр елдің тағамдарын дайындап жұмыс істеуді армандаймын.
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
9 сынып оқушысы
Менің арманым.Адам баласының арманы көп болады ғой. арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. Мен отбасымның мәңгілік бахытты өмірі туралы армандаймын. келешекте білікті маман болғым келеді, әнші де болғым келеді, дәрігер де болғым келеді, мұғалім де болғым келеді. адамдарға жақсылық пен ізгілік сыйлағым келеді. көптеген жетістіктерге жеткім келеді. жер шарын аралап, саяхат жасауды да армандаймын. менің арманым көп.Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. сондықтан, менің өмірлік ұстанымым – «Тек алға!!!»
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
5 сынып оқушысы
Менің арман-тілегім дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер болу үлкен жаупкершілік екенің түсінемін. Өйткені сенің қолында науқас адамның жаны, туған-туыстарының үміт оты болады. Әрине, бол жолда талай қиындықтар кездеседі, бірақ ен өз ақсаттарыа жетемін.
Тілекті орындауМектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
6 сынып оқушысы
Шоқпар ауылы, №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Жұмахан Нұрнияз. Мен салауатты өмір салтын ұстануды жақсы көремін. Спорт- денсаулық кепілі екенін жақсы түсінемін Ауылымызда немесе мектебімізде әр түрлі спорт секциялары ашылғанын қалаймын. Осы тілегімнің орындалуына себепші болатын жанға алғысым шексіз болар еді.
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
5 сынып оқушысы
Менің тілегім өскенде өз әкеме ұқсағым келеді. Менің әкем Жұмағұлов Серік шопан. Осы жұмысты істеп жүргеніне он жылдан асты. Менің ойыша жақсы маандық иелері көп, ал жақсы шопан болу оңай емес. сол үшін мен қазірден осы жұмыстың қыр сырын, әкемнен үйреніп жүрін. Атты ерттеуді, жақсы жайылым жерлерді білемін. Өз-өзімді төзіділікке үйретеін. Үйткені бұл шопанға керек қасиеттердің бірі. Жаздың ыстығына, қыстың суығына қарамастан шопан малдың жанында болуы керек. Маған бұл жұмыс ұнайды. Сондықтан мен өскенде әкем секілді шопан болғым келеді. Бұл менің тілегім
Тілекті орындауМектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
5 сынып оқушысы
Мен Мыңбай Дариға Мақсатқызы, Шоқпар ауылы, №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде оқимын. Өз мектебімді, ұстаздарымды жақсы көремін! Бір өкініштісі мектебіміз ескі, оқушы үшін барлық жағдай жасалмаған. Мектебімізді жаңартып берсе деген тілегіміз бар.
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
8 сынып оқушысы
Жер бетіндегі әрбір адамның арманы бар. Арманына жетуге болады егер мақсатың айқын болса. Мектеп кезінен бастап жақсы оқып армандай білу қажет. Менің басты тілегім ата-анамның аман болғаны.
Тілекті орындауМектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
5 сынып оқушысы
Мен Амангелді Мерей, 5 сынып оқушысымын. Менің болашаққа деген арман-мақсаттарым көп. Бос уақытымда ән айтып, би билегенді жақсы көремін, өлең шығарамын. Әр түрлі байқаулардың жеңімпазымын. Болашақта еліміздің өнер саласына өз үлесімді қосып, Қазақстанды әлемге танытқым келеді.
Тілекті орындау