Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы
Мектеп: Мырзатай орта мектебі
11 сынып оқушысы
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз. Қымбатты ұстаздар! Он бір жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
11 сынып оқушысы
Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шықкан» ыстық ұямыз — мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы жүрміз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді. Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа-тармаса отырмаймыз. Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарыңда отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз! Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-төрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетас-фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастык сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр! Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя — мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!
Тілекті орындауМектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп
10 сынып оқушысы
Адам баласында арман өте көп, бірақ бір мақсат бюолады. енің арманымм, менің мақсатым білім алуы қажет. Аспазшы болып тұрақты жұмыс істеу. Менің арманым таныал аспаз болу.т Және әр адам тынбай еңбектенсе өз армандары мен мақсаттарына жетеді деп білеін.
Тілекті орындауМектеп: Алға шағын орталықты орта мектебі КММ
11 сынып оқушысы
Мен ауылымыз көркейсе екен деймін.Сол үшін бізге спорт алаңы керек.Жолымыз асфальтталса екен, жарық болса екен.
Тілекті орындауМектеп: Алға шағын орталықты орта мектебі КММ
11 сынып оқушысы
Мен 11 сыныпта оқимын.Арманымыз көп.Ауылда спорт алаңы болса екен дейміз.Жолымыз жөнделіп,жарық болса
Тілекті орындауМектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
9 сынып оқушысы
Мен Олжабай Кәусар, Шоқпар ауылы, №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысымын. Менің тілегім мектеп кітапханасы әдеби кітаптармен, электронды оқулықтармен жаңартылып, толықса екен деймін.
Тілекті орындауМектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
9 сынып оқушысы
Мен, №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әбсат Нұрбек. Мен ұстаздарыма, мектебіме айтар алғысым шексіз. Көкейімде жүрген тілектің бірі, мені қыңжылтатыны мектебіміз ескі, оқу кабинеттері жетіспейді. Жаңа үлгідегі мектеп соғып, берілсе екен деймін
Тілекті орындауМектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ
8 сынып оқушысы
Шу ауданы, Шоқпар ауылы №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бодаубай Толғанай. Мен білім беріп отырған ұстаздарыма үлкен рахмет айтамын. Менің тілегім мектеп ауласындағы ойын алаңдарының жаңартылғанын қалаймын.
Тілекті орындауМектеп: Алға шағын орталықты орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы
Мен оқу озатымын.Ауылымыз көркейіп,адамдардың тұрмысы жақсы болса екен деймін.Сол үшін жолымыз жөнделіп,жарықтанса екен.Салауатты өмір салтын ұстану үшін бізге спорт алаңы керек.
Тілекті орындауМектеп: Т.Әшімбаев ат.о.м.
6 сынып оқушысы
Мен Сатымжан Жандос менің ең бірінші арманым отбасым аман болып, отбасымызда бақытты күндеріміз көп болса екен деп тілеймін. Т.Әшімбаев атындағы орта мектепті үздік бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, жақсы маман иесі атансам дейді. Жақсы маман иесі болу үшін оқуда озат оқу қажет және саналы азамат болып өсіу деп білемін. Адам баласы өмірге келгеннен кейін әр арман мақсаты болады. Сол арман мақсатқа қол жеткізу үшін ынталанып,талпыну керек деп есептеймін.
Тілекті орындау